Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеме жүйелерінің жұмысын цифрландыруды дамыту туралы айтылды
- 13.08.2020
- Санат: Мәдениет. Ақпарат
Ағымдағы жылдың 10 тамызында Нұр-Сұлтанда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (бұдан әрі-ИИДМ) цифрландыру күні өтті.
Ағымдағы жылдың 10 тамызында Нұр-Сұлтанда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (бұдан әрі-ИИДМ) цифрландыру күні өтті.
Жиын барысында келесі жобалар таныстырылды: «Мониторинг судовых систем», Кеме жүйелерінің мониторингі», «Тереңдету жұмыстарының кешені», «Навигациялық белгілер».
Іс-шара аталған жобаларға сапалы ұсыныстарды әзірлеу мақсатында онлайн-форматта вице-министр Динара Щеглованың және «Зерде» холдингі» АҚ және «Astana Hub», АКТ қауымдастығының, ІТ-компаниялардың өкілдерінің қатысуымен болып өтті.
Министрлік аталған жиынды барлық техникалық талаптарға жауап беретін IT-компаниялар мен стартаптардан ұсыныстар мен дайын шешімдерді жинау мақсатында онлайн-кездесу өткізуде.
Осылайша, бірінші жобаның міндеті - техникалық флоттың кемелерін жедел қадағалау және кеменің күштік қондырғыларын пайдалану. Кемелердің негізгі орналасу орындары: Өскемен, Семей, Павлодар, Орал, Қапшағай, Балқаш және Атырау. Динара Щеглова атап өткендей: "кеме қатынасының қауіпсіздігі мен тиімділігі жасалған жағдайларға байланысты". Сондықтан, IT-компаниялар осы мәселе бойынша өздерінің IT-шешімдерін белсенді түрде ұсынды.
Екінші және үшінші жобалардың мақсаты – түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу кезінде өндірістік шығындарды азайту және қайталанатын операцияларды орындау уақытын қысқарту және навигациялық белгілерді ұстау шығындарын азайту.
Естеріңізге сала кетейік, онлайн-алаң технология саласындағы диалог арқылы жобаларға сапалы ұсыныстарды әзірлеу үшін ұйымдастырылған. Цифрландыру күндері Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, «Astana Hub» халықаралық технопаркімен және «Зерде» холдингі АҚ-мен бірлесіп IT-нарықтың мемлекеттік органдардың цифрлық жобаларымен ынтымақтастығы үшін өтуде.
Іс-шара туралы толығырақ ақпаратты келесі сілтемеге https://youtu.be/vuqJsNWKW-4 өтіп қарауға болады



