Іздеу

Кедейліктің тереңдігі

Кедейлік тереңдігі – ең төменгі күнкөріс деңгейінен ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халық табысы (тұтынуы) деңгейінің орташа ауытқуы көрсетіледі және үй шаруашылықтары мүшелерінің жалпы санына ара қатынасымен белгіленген жиынтық табыстың тапшылығының шамасын білдіреді.

23/04/2021

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі – ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар халық санының халықтың жалпы санына пайыздық өлшемдегі арасалмағы.

25/04/2021

Халықтың 10%-дық топтары бойынша Джини коэффициенті

Әркелкілік деңгейін санмен бағалауға мүмкіндік береді. Ол халықтың сан жағынан тең топтары бойынша олардың теңдей бөлу сызығы арқылы децильдік топтар бойынша нақты бөлінудің ауытқу деңгейін белгілейді

25/04/2021

Халықтың 20%-дық топтары бойынша Джини коэффициенті

Әркелкілік деңгейін санмен бағалауға мүмкіндік береді. Ол халықтың сан жағынан тең топтары бойынша олардың теңдей бөлу сызығы арқылы квинтильдік топтар бойынша табыстардың нақты бөлінудің ауытқу деңгейін белгілейді

25/04/2021

Жұмыссыздық деңгейі (аудандар бойынша)

Жұмыс күші санындағы жұмыссыздар санының пайызбен есептелген үлесі.

27/04/2021

Халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табыстары

Халықтың атаулы ақшалай табысы – бұл халықтың ағымдағы тұтынуға, өндірістік қызметке және қорлануға бағытталған ақшалай қаражаттары. Оның шамасы есептеу әдісімен макродеңгейде анықталады және халықтың жалдамалы жұмыс пен өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен ақшалай табыстарын бағалауды (жалақының жасыру мен статистикалық есептілікпен қамтуға келмейтін жұмыс істейтін халықтың санына санап шығумен) және әлеуметтік трансферттердің төлемі қосылады.

28/06/2021

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан жоғары халықтың негізгі тамақ өнімдерін тұтынуы

Кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан жоғары халықтың тамақ өнімдерін тұтынуы – уақыттың қарастырылып отырған кезеңі ішінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан жоғары үй шаруашылығының бір мүшесімең орташа тұтынған тамақ өнімдерінің (əрбір өнімнің түрі бойынша бөлек) саны

08/10/2021

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың негізгі тамақ өнімдерін тұтынуы

Кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың тамақ өнімдерін тұтынуы – уақыттың қарастырылып отырған кезеңі ішінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен үй шаруашылығының бір мүшесімен орташа тұтынған тамақ өнімдерінің (əрбір өнімнің түрі бойынша бөлек) саны

08/10/2021

Конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету дәрежесі

Жиынтық Конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету деңгейі туралы деректерден тұрады

20/11/2021