Іздеу

Мемлекеттік емханалардың тізбесі, өңірлер бөлінісінде

Бұл жинақта емханалардың атауы,есепті кезең; мекеменің атауы; өңірдің атауы; тегін түрлері көрсетілген медициналық қызметтер тізбесі; орналасқан жері; байланыс телефоны; қызмет көрсету аумағы

13/12/2020

Пай инвестициялық қорларының пайшылар саны (кезеңнің соңына)

Бұл жинақта пай инвестициялық қорларының пайшылар саны туралы деректер бар

10/02/2021

«Уәкілетті органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы» № 1-ӘІ нысанды есебі

Есепті кезең; біліктілік; Қазақстан бойынша анықталған бұзушылықтар саны; өңірлер бойынша анықталған бұзушылықтар саны

19/02/2021

«Өлке тынысы» ЖШС

Аса құрметті Интернет желісін пайдаланушылар! Қазіргі ақпараттық технология жан-жақты дамыған заманда қашықтан ақпараттар алмасу мен өзара байланыс орнатудың тың тәсілдері қолданысқа енуде. Солардың арқасында халық пен билік арасы да барынша жақындай түсті. Дегенмен дәстүрлі БАҚ та маңызын жоғалтқан жоқ. Осы орайда 2014 жылы күзде Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 393 қаулысымен құрылған «Өлке тынысы» ЖШС Жетісу өңіріндегі бар жақсылық пен жаңалықтың жаршысы , өркендеу мен дамудың барысын, қоғамдық-саяси тынысын жұртшылыққа дер кезінде жеткізетін, жастары ғасырдан асқан облыстық қос басылым «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің қызметін үйлестіріп, мемлекеттік ақпараттық саясаттың орындалуын қамтамасыз етіп отырғанын айта кетпекпін. Қазіргі кезде екі газет отыз мыңдық тиражбен, аптасына үш мәрте оқырмандармен қауышады. Екі газеттің дербес желілік басылым ретінде тіркелген сайттары да облыста ғана емес, ел көлемінде жақсы танымал. Екі миллионнан астам тұрғыны бар өркенді өңірде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізіп отырған серіктестіктің директоры ретінде сіздермен жеке блог жүргізу арқылы да байланыс орнатқанды жөн көріп отырмын. Маған жеке блогым арқылы өздеріңізді толғандырып жүрген мәселелер жөнінде сұрақ қоюларыңызға, пікір білдірулеріңізге болады. Сондай-ақ облыс аумағындағы БАҚ туралы, мемлекеттік ақпараттық саясаттың жүргізілуі жайында ұсынықты ұсыныстарыңыз, байыпты бастамаларыңыз болса, тыңдауға және мүмкіндігінше қолдауға әзірмін.

07/04/2021

Жұмыспен қамтылған халық

Жұмыспен қамтылған халық – әркім өз жағдайы бойынша бір аптаға тең белгілі бір қысқа кезең ішінде мынадай: а) «жалдамалы (ақы төленетін) қызметкер» ә) «өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкер»

16/04/2021

Жұмыссыз халық (15 жас және одан жоғары)

Жұмыссыздар - жұмыс күшін өлшеу үшін белгіленген жастағы, қаралатын кезеңде: а) жұмыссыз болған (табысты жұмысы болмаған); ә) оны іздеумен белсенді айналысқан; б) белгілі бір уақыт кезеңі ішінде жұмысқа кірісуге дайын болған деген үш негізгі критерийге бір мезгілде жауап берген адамдар.

27/04/2021

Жұмыспен қамтылған халықтың құрамындағы өзін өзі жұмыспен қамтығандар үлесі

Жұмыспен қамтылғандар-әркім өз жағдайы бойынша бір аптаға тең белгілі бір қысқа кезең ішінде мынадай: а) «жалдамалы (ақы төленетін) қызметкер» ә) «өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкер» санаттарының біріне жатқызылуы мүмкін тиісті жастағы барлық адамдар. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар -бұл сыйақы мөлшері тікелей тауарлар мен қызметтерді өндіруден (өткізуден) (бұл жерде өзінің тұтынуы табыс бөлшегі ретінде қаралады) түскен табысқа байланысты жұмыспен қамтылған адамдар . Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жұмыспен қамтылғандар ішіндегі үлесі=Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар/|Жұмыспен қамтылғандар*100

27/04/2021

Халықтың негізгі тамақ өнімдерін тұтынуы

Тамақ өнімдерін тұтыну – уақыттың қарастырылып отырған кезеңі ішінде үй шаруашылығының бір мүшесімен орташа тұтынған тамақ өнімдерінің (əрбір өнімнің түрі бойынша бөлек) саны

28/04/2021