Іздеу

Жұмыссыз халық (15 жас және одан жоғары)

Жұмыссыздар - жұмыс күшін өлшеу үшін белгіленген жастағы, қаралатын кезеңде: а) жұмыссыз болған (табысты жұмысы болмаған); ә) оны іздеумен белсенді айналысқан; б) белгілі бір уақыт кезеңі ішінде жұмысқа кірісуге дайын болған деген үш негізгі критерийге бір мезгілде жауап берген адамдар.

27/04/2021

Жұмыспен қамтылған халықтың құрамындағы өзін өзі жұмыспен қамтығандар үлесі

Жұмыспен қамтылғандар-әркім өз жағдайы бойынша бір аптаға тең белгілі бір қысқа кезең ішінде мынадай: а) «жалдамалы (ақы төленетін) қызметкер» ә) «өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкер» санаттарының біріне жатқызылуы мүмкін тиісті жастағы барлық адамдар. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар -бұл сыйақы мөлшері тікелей тауарлар мен қызметтерді өндіруден (өткізуден) (бұл жерде өзінің тұтынуы табыс бөлшегі ретінде қаралады) түскен табысқа байланысты жұмыспен қамтылған адамдар . Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жұмыспен қамтылғандар ішіндегі үлесі=Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар/|Жұмыспен қамтылғандар*100

27/04/2021

Халықтың негізгі тамақ өнімдерін тұтынуы

Тамақ өнімдерін тұтыну – уақыттың қарастырылып отырған кезеңі ішінде үй шаруашылығының бір мүшесімен орташа тұтынған тамақ өнімдерінің (əрбір өнімнің түрі бойынша бөлек) саны

28/04/2021

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан жоғары халықтың негізгі тамақ өнімдерін тұтынуы

Кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан жоғары халықтың тамақ өнімдерін тұтынуы – уақыттың қарастырылып отырған кезеңі ішінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан жоғары үй шаруашылығының бір мүшесімең орташа тұтынған тамақ өнімдерінің (əрбір өнімнің түрі бойынша бөлек) саны

08/10/2021

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың негізгі тамақ өнімдерін тұтынуы

Кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың тамақ өнімдерін тұтынуы – уақыттың қарастырылып отырған кезеңі ішінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен үй шаруашылығының бір мүшесімен орташа тұтынған тамақ өнімдерінің (əрбір өнімнің түрі бойынша бөлек) саны

08/10/2021

№375 Мемлекеттік мүгедектер үйлерінің (Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары) тізбесі, өңірлер бөлінісінде

Астана қаласы әкімдігінің "Нұрлы жүрек" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ 276 балалар мен мүгедектігі бар адамдар қамтылды, оның ішінде: 115 стационарда, 161 жартылай стационарда (70 мүгедектігібар бала, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан 91 мүгедек бала) ем алуда. Орталықтың мекенжайы: 1 ғимарат / стационарлық бөлім- Манас көшесі, 19 үй, 2 ғимарат/ күндізгі бөлім - І.Жансүгіров көшесі, 12/5үй, 3 корпус / күндізгі бөлім – І.Жансүгіров көшесі, 12/2 үй. Байланыс телефондары: 8 (7172) 56-40-08, ресми интернет-ресурс: http://www.nurlyzhurek.kz. Директоры- Абенова Галия Жандосовна, қабылдау уақыты – әр бейсенбі 16.00-ден 18.00-ге дейін.

30/11/2021

№383 Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу статистикасы, өңірлер бөлінісінде

41 бос орындар жәрмеңкесі, оның ішінде Tanda.kz порталында 2 онлайн-жәрмеңке, азаматтарды солтүстік өңірлерге көшіру бойынша 5 офлайн-жәрмеңкесі, Мансап орталығы базасында жұмыссыздарға арналған 34 бос орындар офлайн-жәрмеңкесі (оның ішінде пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін 4 бос орындар онлайн-жәрмеңкесі) өткізілді.

30/11/2021

Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері, оның ішінде ақбөкен (киіктер, тоғайлы асыл бұғылар, құландар, қарақұйрықтар, арқарлар) санының өсімі

Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері, оның ішінде ақбөкен (киіктер, тоғайлы асыл бұғылар, құландар, қарақұйрықтар, арқарлар) санының өсімі

14/12/2021

Өңірлер бөлінісінде агроөнеркәсіптік кешен объектілерінің тізбесі (оның ішінде ет өңдеу кәсіпорындары, орман және балық шаруашылықтарында өнім өндіру жөніндегі кәсіпорындар)

Бұл жиынтықта өңірлер бөлінісінде агроөнеркәсіптік кешен объектілерінің (оның ішінде ет өңдеуші кәсіпорындар, орман және балық шаруашылықтарында өнім өндіру жөніндегі кәсіпорындар) тізбесі бар

22/12/2021