Іздеу

Жалдамалы қызметкерлер

Еңбекақы, сыйлықақы, үстемеақы және т.с.с немесе заттай нысанда ақы төлеу (сыйақы) қарастырылған жалдану шарты бойынша жұмыс істейтін адамдар.

27/04/2021

Жұмыссыз халық (15 жас және одан жоғары)

Жұмыссыздар - жұмыс күшін өлшеу үшін белгіленген жастағы, қаралатын кезеңде: а) жұмыссыз болған (табысты жұмысы болмаған); ә) оны іздеумен белсенді айналысқан; б) белгілі бір уақыт кезеңі ішінде жұмысқа кірісуге дайын болған деген үш негізгі критерийге бір мезгілде жауап берген адамдар.

27/04/2021

Жұмыспен қамтылған халықтың құрамындағы өзін өзі жұмыспен қамтығандар үлесі

Жұмыспен қамтылғандар-әркім өз жағдайы бойынша бір аптаға тең белгілі бір қысқа кезең ішінде мынадай: а) «жалдамалы (ақы төленетін) қызметкер» ә) «өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкер» санаттарының біріне жатқызылуы мүмкін тиісті жастағы барлық адамдар. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар -бұл сыйақы мөлшері тікелей тауарлар мен қызметтерді өндіруден (өткізуден) (бұл жерде өзінің тұтынуы табыс бөлшегі ретінде қаралады) түскен табысқа байланысты жұмыспен қамтылған адамдар . Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жұмыспен қамтылғандар ішіндегі үлесі=Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар/|Жұмыспен қамтылғандар*100

27/04/2021

Халықтың орташа жан басына шаққандағы тұтынуға жұмсалған табыстары

Халықтың тұтынуға жұмсаған табыстары тұтынуға жұмсаған ақшалай табыстарының сомасын (өндірістік қызметке және салымға ақша қаражатын жұмсаусыз), өзі өндірген өнімді тұтыну құнын және заттай нысандағы трансферттерді білдіреді. Тұтынуға жұмсаған табыстары халықтың шығыстары негізінде есептеледі.

28/04/2021

Халықтың негізгі тамақ өнімдерін тұтынуы

Тамақ өнімдерін тұтыну – уақыттың қарастырылып отырған кезеңі ішінде үй шаруашылығының бір мүшесімен орташа тұтынған тамақ өнімдерінің (əрбір өнімнің түрі бойынша бөлек) саны

28/04/2021

Үй шаруашылығының орта есеппен үй шаруашылығына шаққандағы тұтынуға жұмсаған табыстары

Үй шаруашылығының тұтынуға жұмсаған табыстары тұтынуға жұмсаған ақшалай табыстарының сомасын (өндірістік қызметке және салымға ақша қаражатын жұмсаусыз), өзі өндірген өнімді тұтыну құнын және заттай нысандағы трансферттерді білдіреді. Тұтынуға жұмсаған табыстар үй шаруашылықтарының шығыстары негізінде есептеледі

30/04/2021