Іздеу
Қазақстан заңды тұлғаларының, филиалдарының, өкілдіктерінің тіркеу деректері
Қазақстанның заңды тұлғаларын, филиалдарын және өкілдіктерін тіркеу деректері (заңды тұлғаның атауы және тіркеу күні; сәйкестендіру нөмірі (БСН), заңды мекенжайы (тіркелу кезіндегі орналасқан жері); қызмет түрі; басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
24/12/2018Ұлттық біліктілік шеңбері
Әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссияның 2016 жылғы 16 наурыздағы хаттамасымен бекітілген. Ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі – ҰБШ) сегіз біліктілік деңгейін қамтиды, бұл «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңында айқындалған Еуропалық біліктілік шеңберіне және білім беру деңгейлеріне сәйкес келеді. Ұсынылатын сегіз деңгей оқу нәтижесі түрінде сипатталған.
06/12/2019«Анықтаудан, тергеуден, соттан жасырынған іздестірудегі адамдарды, сондай-ақ жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылауды жүзеге асырудан жалтарған, хабарсыз кеткен іздестірудегі адамдарды, туыстарымен байланысын жоғалтқан, өзі туралы анықтамалық деректерді хабарлауға қабілеті жоқ адамдарды, жеке басы анықталмаған мәйiттердi және атқарушылық істер жүргізу бойынша борышкерлер, мемлекет мүддесіне орай, сондай-ақ алименттер өндіріп алу, мертігуден немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан, асыраушысының қайтыс болуынан келген зиянды өтеу туралы талап қоюлар бойынша жауапкерлер болып табылатын іздестірудегі адамдар туралы» №1-І есептің нысаны;
қылмыскерлер, хабар-ошарсыз кеткен адамдар, борышкерлер, белгісіз мәйіттер және басқалар); іздестіріліп жатқан адамдардың саны
18/02/2021«Өлке тынысы» ЖШС
Аса құрметті Интернет желісін пайдаланушылар! Қазіргі ақпараттық технология жан-жақты дамыған заманда қашықтан ақпараттар алмасу мен өзара байланыс орнатудың тың тәсілдері қолданысқа енуде. Солардың арқасында халық пен билік арасы да барынша жақындай түсті. Дегенмен дәстүрлі БАҚ та маңызын жоғалтқан жоқ. Осы орайда 2014 жылы күзде Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 393 қаулысымен құрылған «Өлке тынысы» ЖШС Жетісу өңіріндегі бар жақсылық пен жаңалықтың жаршысы , өркендеу мен дамудың барысын, қоғамдық-саяси тынысын жұртшылыққа дер кезінде жеткізетін, жастары ғасырдан асқан облыстық қос басылым «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің қызметін үйлестіріп, мемлекеттік ақпараттық саясаттың орындалуын қамтамасыз етіп отырғанын айта кетпекпін. Қазіргі кезде екі газет отыз мыңдық тиражбен, аптасына үш мәрте оқырмандармен қауышады. Екі газеттің дербес желілік басылым ретінде тіркелген сайттары да облыста ғана емес, ел көлемінде жақсы танымал. Екі миллионнан астам тұрғыны бар өркенді өңірде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізіп отырған серіктестіктің директоры ретінде сіздермен жеке блог жүргізу арқылы да байланыс орнатқанды жөн көріп отырмын. Маған жеке блогым арқылы өздеріңізді толғандырып жүрген мәселелер жөнінде сұрақ қоюларыңызға, пікір білдірулеріңізге болады. Сондай-ақ облыс аумағындағы БАҚ туралы, мемлекеттік ақпараттық саясаттың жүргізілуі жайында ұсынықты ұсыныстарыңыз, байыпты бастамаларыңыз болса, тыңдауға және мүмкіндігінше қолдауға әзірмін.
07/04/2021Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған заңды тұлғалардың тізбесі
Осы жинақта аттестатталған заңды тұлға және мекенжайы, қызмет түрі, саласы, берілген күні, қолдану мерзімі бар
10/11/2021"Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА басқару компаниясы АҚ
«Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы нақты белгіленген шекаралары бар, қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін арнайы экономикалық аймақтың ерекше құқықтық режимі белгіленген Қазақстан Республикасы аумағының бөлігі болып табылады (ҚР Заңы). Қазақстан «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі № 469-IV). «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА Қытайды, Орталық Азияны және Таяу Шығысты байланыстыратын логистикалық хаб құрудың стратегиялық нысаны ретінде қарастырылады. АЭА жалпы ауданы 4591,5 гектарды құрайды және үш негізгі аймақты - логистикалық және индустриялық, сондай-ақ «құрғақ порт» көлік-логистикалық кешенін қамтиды.
06/12/2021Жарияланған ғылыми мақалалардың саны (шетелдік басылымдарда)
25.02.2023 ж. бойынша қазақстандық авторлар 2022 жылғы Scopus дерекқорында 4974 жарияланымдар (мақалалар мен шолу) жариялады. (Scopus базасының сілтемесі: https://www.scopus.com/) Web of Science базасы бойынша жарияланымдар саны – 3786. (Web of Science базасының сілтемесі: https://www.webofscience.com) Бұл ретте жарияланымдар саны өседі және нақты саны 2023 жылдың шілдесіне дейін қолжетімді болады.
27/02/2023


