Search results

International Reserves and Assets of the National Oil Fund of the Republic of Kazakhstan

Historical Data for International Reserves and Assets of the National Oil Fund of the Republic of Kazakhstan, as for end of period, volumes and % changes, USD mln. are presented in the Table.

01/06/2016

Соңғы 10 жыл ішінде өткен Қазақстан Республикасының Президентін сайлаудың нәтижелері (толықтыру. 2019 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы)

2019 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы болды. Сайлаушылардың келуі 77,5 %-ды құрады. 2019 жылғы 9 маусымда болған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыстарды санау нәтижелері туралы облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және астана сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша сайлаушылардың тізімдеріне 11960364 азамат енгізілгенін, олардан дауыс беруге 9274110 адам немесе 77,5 пайызы қатысқанын хабарлайды, олардан есептен шығару куәліктері бойынша 22502 және дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде 105682 сайлаушы дауыс берді. Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат болып 7 адам дауысқа түсті. Дауыс беру кезінде Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар төмендегідей дауыстар санын жинады: Қазақстан Республикасы бойынша: Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы - 167649 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,82 пайызын; Еспаева Дәния Мәдиқызы - 465714 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 5,05 пайызын; Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы -1495401 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 16,23 пайызын; Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы - 280451 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 3,04 пайызын; Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы - 182898 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,98 пайызын; Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - 6539715 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 70,96 пайызын; Түгел Сәді-Бек - 84582 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0, 92 пайызын. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 65-бабына сәйкес 1953 жылы туған, қазақ, «Nur Otan» партиясының мүшесі, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, Нұр-Сұлтан қаласында тұратын Қазақстан Республикасының сайланған Президенті болып саналады.

19/08/2019

Коммуналдық меншік нысандарын сенімді басқаруға және жалға беру конкурстары туралы хабарландырулар

ҚР Үкіметінің «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысына сәйкес, облыстық коммуналдық меншіктегі 9 коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын, 1 акционерлік қоғамның 100 пайыз мемлекеттік пакет акциялары кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді. Сенімгерлік басқаруға берілген кәсіпорындар 2019 жылдың қорытындысы бойынша 141 206,0 мың теңге табыспен шықты. Сенімгерлік басқаруға берілгенге дейін кәсіпорындар жалпы сомасы – 11 086,0 мың теңге шығынмен шыққан болатын. Сонымен қатар, кәсіпорындарға сенімгерлік басқарушылардың тарапынан жалпы сомасы 1,0 млрд. теңге инвестиция салынды. Олар, ғимарат құрылыстары, құрал-жабдықтарды сатып алу, ғимаратқа күрделі және ағымдағы жөндеулер және т.б.

31/10/2019

Мектептерді Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікпен қамту пайызы

Аталған жинақта мектептерді Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікпен қамту пайызы туралы ақпаратты қамтиды

12/12/2019

Мектептерді кең жолақты Интернет желісіне қолжетімділікпен қамту пайызы

Бұл жинақта мектептерді кең жолақты интернет желісіне қолжетімділікпен қамту туралы ақпарат көрсетілген

13/12/2019

3G, 4G ұялы байланыс қызметтері бар Қазақстан Республикасы халқының пайызы

Бұл жинақта 3G, 4G ұялы байланыс қызметтері бар Қазақстан Республикасы халқының пайызы бойынша ақпарат орналасқан

30/12/2019

Ақмола облысында кең жолақты Интернет желісіне қолжетімділікпен мектептерді қамту пайызы

Ақмола облысында кең жолақты Интернет желісіне қолжетімділікпен мектептерді қамту пайызы

21/05/2020

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі – ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар халық санының халықтың жалпы санына пайыздық өлшемдегі арасалмағы.

25/04/2021