Search results

Кедейліктің өткірлігі

Кедейлік өткірлігі – кедейлер арасындағы теңсіздікті – кедейлердің табыстарын олардың орташа мәнінен тарату дәрежесі. Бұл белгіленген критерийден зерттелетін үй шаруашылықтары мүшелерінің табыс тапшылығы үлесінің ауытқу квадраттары ішіндегі орташа.

23/04/2021

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі – ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар халық санының халықтың жалпы санына пайыздық өлшемдегі арасалмағы.

25/04/2021

Табысы азық-түлік қоржынының құнынан төмен халықтың үлесі

Табысы азық-түлік қоржынының құнынан төмен халықтың үлесі – азық-түлік қоржынының құнынан төмен табыстары бар халық санының халықтың жалпы санына пайыздық өлшемдегі арасалмағы.

25/04/2021

Халықтың 10%-дық топтары бойынша Джини коэффициенті

Әркелкілік деңгейін санмен бағалауға мүмкіндік береді. Ол халықтың сан жағынан тең топтары бойынша олардың теңдей бөлу сызығы арқылы децильдік топтар бойынша нақты бөлінудің ауытқу деңгейін белгілейді

25/04/2021

Халықтың 20%-дық топтары бойынша Джини коэффициенті

Әркелкілік деңгейін санмен бағалауға мүмкіндік береді. Ол халықтың сан жағынан тең топтары бойынша олардың теңдей бөлу сызығы арқылы квинтильдік топтар бойынша табыстардың нақты бөлінудің ауытқу деңгейін белгілейді

25/04/2021

Халықтың 10%-дық топтары бойынша қорлар коэффициенті

Қорлар коэффициенті – бірінші және оныншы децильдік топтардағы бөлу қатары ішіндегі халықтың салыстырылатын топтарының орташа табыстары арасындағы ара салмағын өлшейді.

25/04/2021

Ақшалай табыстардың халықтың жан басына шаққандағы құрылымы

Халықтың ақшалай табыстарының құрылымына еңбек қызметінен түскен табыс, əлеуметтік трансферттер жəне өзге де ақшалай түсімдерден түскен табыстар кіреді.

27/04/2021