Search results

Халықтың 20%-дық топтары бойынша Джини коэффициенті

Әркелкілік деңгейін санмен бағалауға мүмкіндік береді. Ол халықтың сан жағынан тең топтары бойынша олардың теңдей бөлу сызығы арқылы квинтильдік топтар бойынша табыстардың нақты бөлінудің ауытқу деңгейін белгілейді

25/04/2021

Халықтың 10%-дық топтары бойынша қорлар коэффициенті

Қорлар коэффициенті – бірінші және оныншы децильдік топтардағы бөлу қатары ішіндегі халықтың салыстырылатын топтарының орташа табыстары арасындағы ара салмағын өлшейді.

25/04/2021

Ақшалай табыстардың халықтың жан басына шаққандағы құрылымы

Халықтың ақшалай табыстарының құрылымына еңбек қызметінен түскен табыс, əлеуметтік трансферттер жəне өзге де ақшалай түсімдерден түскен табыстар кіреді.

27/04/2021

Жұмыс күші

Тауарлар мен қызметтер өндіру үшін жұмыс күшінің ұсыныстарын қамтамасыз ететін, жұмыс күшін өлшеу үшін белгіленген жастағы халықтың бөлігі.

27/04/2021

Жұмыспен қамтылған халықтың құрамындағы өзін өзі жұмыспен қамтығандар үлесі

Жұмыспен қамтылғандар-әркім өз жағдайы бойынша бір аптаға тең белгілі бір қысқа кезең ішінде мынадай: а) «жалдамалы (ақы төленетін) қызметкер» ә) «өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкер» санаттарының біріне жатқызылуы мүмкін тиісті жастағы барлық адамдар. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар -бұл сыйақы мөлшері тікелей тауарлар мен қызметтерді өндіруден (өткізуден) (бұл жерде өзінің тұтынуы табыс бөлшегі ретінде қаралады) түскен табысқа байланысты жұмыспен қамтылған адамдар . Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жұмыспен қамтылғандар ішіндегі үлесі=Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар/|Жұмыспен қамтылғандар*100

27/04/2021

Халықтың орташа жан басына шаққандағы халықтың азық-түлік емес тауарларына ақшалай шығыстары

Азық-түлік емес тауарларды сатып алуға кеткен ақшалай шығыстарға киім, аяқ киім, мата, жиһаз, үй тұрмыс заттары, тұрмыстық техника, ұзақ пайдаланатын тауарлар, жеке гигиена тауарлары, автокөлік құралдары және оларға жанар-жағар май материалдарын алуға және өзге де азық-түлік емес тауарларға кеткен шығыстар кіреді

28/04/2021

Халықтың орташа жан басына шаққандағы халықтың ақылы қызметтерге ақшалай шығыстары

Ақылы қызметтерге жұмсалатын ақшалай шығыстар тұрғын үй-коммуналдық қызметтергеуналдық қызметтерге, көбілім алуға, денсаулық сақтауға, киім, аяқ киім, тұрмыстық техника, құрал-жабдықтар жөндеу қызметтеріне және қызметтің өзге да түрлерін төлеуге жұмсалған шығыстардан құралады

28/04/2021

Халықтың орташа жан басына шаққандағы халықтың азық-түлік тауарларына ақшалай шығыстары

Азық-түлік тауарларына ақшалай шығыстар тағамдық өнімдер мен алкогольсіз ішімдіктер сатып алуға, үйден тыс жерде тамақтануға (асханаларда, дәмханаларда, мейрамханаларда), алкогольдік ішімдіктер мен темекі өнімдерін сатып алуға кеткен шығыстардан құралады

28/04/2021