Іздеу
Жұмыс күші
Тауарлар мен қызметтер өндіру үшін жұмыс күшінің ұсыныстарын қамтамасыз ететін, жұмыс күшін өлшеу үшін белгіленген жастағы халықтың бөлігі.
27/04/2021Жұмыспен қамтылған халықтың құрамындағы өзін өзі жұмыспен қамтығандар үлесі
Жұмыспен қамтылғандар-әркім өз жағдайы бойынша бір аптаға тең белгілі бір қысқа кезең ішінде мынадай: а) «жалдамалы (ақы төленетін) қызметкер» ә) «өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкер» санаттарының біріне жатқызылуы мүмкін тиісті жастағы барлық адамдар. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар -бұл сыйақы мөлшері тікелей тауарлар мен қызметтерді өндіруден (өткізуден) (бұл жерде өзінің тұтынуы табыс бөлшегі ретінде қаралады) түскен табысқа байланысты жұмыспен қамтылған адамдар . Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жұмыспен қамтылғандар ішіндегі үлесі=Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар/|Жұмыспен қамтылғандар*100
27/04/2021Халықтың орташа жан басына шаққандағы халықтың азық-түлік емес тауарларына ақшалай шығыстары
Азық-түлік емес тауарларды сатып алуға кеткен ақшалай шығыстарға киім, аяқ киім, мата, жиһаз, үй тұрмыс заттары, тұрмыстық техника, ұзақ пайдаланатын тауарлар, жеке гигиена тауарлары, автокөлік құралдары және оларға жанар-жағар май материалдарын алуға және өзге де азық-түлік емес тауарларға кеткен шығыстар кіреді
28/04/2021Халықтың орташа жан басына шаққандағы халықтың ақылы қызметтерге ақшалай шығыстары
Ақылы қызметтерге жұмсалатын ақшалай шығыстар тұрғын үй-коммуналдық қызметтергеуналдық қызметтерге, көбілім алуға, денсаулық сақтауға, киім, аяқ киім, тұрмыстық техника, құрал-жабдықтар жөндеу қызметтеріне және қызметтің өзге да түрлерін төлеуге жұмсалған шығыстардан құралады
28/04/2021Халықтың орташа жан басына шаққандағы халықтың азық-түлік тауарларына ақшалай шығыстары
Азық-түлік тауарларына ақшалай шығыстар тағамдық өнімдер мен алкогольсіз ішімдіктер сатып алуға, үйден тыс жерде тамақтануға (асханаларда, дәмханаларда, мейрамханаларда), алкогольдік ішімдіктер мен темекі өнімдерін сатып алуға кеткен шығыстардан құралады
28/04/2021Халықтың орташа жан басына шаққандағы халықтың тамақ өнімдеріне жұмсаған ақшалай шығыстары
Халықтың тамақ өнімдеріне жұмсаған ақшалай шығыстарға тамақ өнімдері мен алкогольсіз ішімдіктерге шығыстар кіреді. Үйден тыс тамақтануға, алкогольдік ішімдіктерге және темекі өнімдеріне шығыстар кірмейді
28/04/2021Орташа жан басына шаққандағы халықтың ақшалай шығыстары
Ақшалай шығыстарға тұтыну шығыстары; салықтар, алымдар, сақтандыру және өзге төлемдер; қарыздардыруалименттерді, айыппұлдарды төлеу, кредитті өтеу, туыстарға, таныстарға көмек және тұтынумен байланысты емес өзге де шығыстар кіреді
28/04/2021Орташа жан басына шаққандағы халықтың тұтыну шығыстары
Тұтыну шығыстары - бұл халықтың тұтыну тауарлары мен қызметтерді сатып алуға бағытталатын ақшалай шығыстары. Азық-түлік тауарларын, азық-түлік емес тауарлары мен ақылы қызметтерді сатып алуға кеткен шығыстар кіреді
28/04/2021Халықтың орташа жан басына шаққандағы тұтынуға жұмсалған табыстары
Халықтың тұтынуға жұмсаған табыстары тұтынуға жұмсаған ақшалай табыстарының сомасын (өндірістік қызметке және салымға ақша қаражатын жұмсаусыз), өзі өндірген өнімді тұтыну құнын және заттай нысандағы трансферттерді білдіреді. Тұтынуға жұмсаған табыстары халықтың шығыстары негізінде есептеледі.
28/04/2021Халықтың негізгі тамақ өнімдерін тұтынуы
Тамақ өнімдерін тұтыну – уақыттың қарастырылып отырған кезеңі ішінде үй шаруашылығының бір мүшесімен орташа тұтынған тамақ өнімдерінің (əрбір өнімнің түрі бойынша бөлек) саны
28/04/2021


