Search results

Халықтың орташа жан басына шаққандағы тұтынуға жұмсалған табыстары

Халықтың тұтынуға жұмсаған табыстары тұтынуға жұмсаған ақшалай табыстарының сомасын (өндірістік қызметке және салымға ақша қаражатын жұмсаусыз), өзі өндірген өнімді тұтыну құнын және заттай нысандағы трансферттерді білдіреді. Тұтынуға жұмсаған табыстары халықтың шығыстары негізінде есептеледі.

28/04/2021

Орташа үй шаруашылығына шаққандағы үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстары

Ақшалай шығыстарға тұтыну шығыстары; салықтар, алымдар, сақтандыру және өзге төлемдер; қарыздарды, алименттерді, айыппұлдарды төлеу, кредитті өтеу, туыстарға, таныстарға көмек және тұтынумен байланысты емес өзге де шығыстар кіреді

30/04/2021

Орташа есеппен халықтың үй шаруашылығына шаққандағы үй шаруашылықтарының азық-түлік тауарларына жұмсаған ақшалай шығыстары

Азық-түлік тауарларына ақшалай шығыстары тағамдық өнімдер мен алкогольсіз ішімдіктер сатып алуға, үйден тыс жерде тамақтануға (асханаларда, дәмханаларда, мейрамханаларда), алкогольдік ішімдіктер мен темекі өнімдерін сатып алуға кеткен шығыстардан құралады

30/04/2021

Орташа үй шаруашылығына шаққандағы үй шаруашылықтарының азық-түлік емес тауарларына жұмсаған ақшалай шығыстары

Азық-түлік емес тауарларды сатып алуға кеткен ақшалай шығыстарға киім, аяқ киім, мата, жиһаз, үй тұрмыс заттары, тұрмыстық техника, ұзақ пайдаланатын тауарлар, жеке гигиена тауарлары, автокөлік құралдары және оларға жанар-жағар май материалдарын алуға және өзге де азық-түлік емес тауарларға кеткен шығыстар кіреді

30/04/2021

Орташа үй шаруашылығына шаққандағы үй шаруашылықтарының тамақ өнімдеріне жұмсаған ақшалай шығыстары

Үй шаруашылықтарының тамақ өнімдеріне жұмсаған ақшалай шығыстарға тамақ өнімдері мен алкогольсіз ішімдіктерге шығыстар кіреді. Үйден тыс тамақтануға, алкогольдік ішімдіктерге және темекі өнімдеріне шығыстар кірмейді

30/04/2021

Орташа үй шаруашылығына шаққандағы үй шаруашылықтарының ақылы қызметтерге жұмсаған ақшалай шығыстары

Ақылы қызметтерге жұмсалатын ақшалай шығыстар тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге, көлік пен байланысқа, білім алуға, денсаулық сақтауға, киім, аяқ киім, тұрмыстық техника, құрал-жабдықтар жөндеу қызметтеріне және қызметтің өзге да түрлерін төлеуге жұмсалған шығыстардан құралады

30/04/2021

Үй шаруашылығының орта есеппен үй шаруашылығына шаққандағы тұтынуға жұмсаған табыстары

Үй шаруашылығының тұтынуға жұмсаған табыстары тұтынуға жұмсаған ақшалай табыстарының сомасын (өндірістік қызметке және салымға ақша қаражатын жұмсаусыз), өзі өндірген өнімді тұтыну құнын және заттай нысандағы трансферттерді білдіреді. Тұтынуға жұмсаған табыстар үй шаруашылықтарының шығыстары негізінде есептеледі

30/04/2021

Орташа үй шаруашылығына шаққандағы үй шаруашылықтарының тұтыну шығыстары

Тұтыну шығыстары - бұл үй шаруашылықтарының тұтыну тауарлары мен қызметтерді сатып алуға бағытталатын ақшалай шығыстары. Азық-түлік тауарларын, азық-түлік емес тауарлары мен ақылы қызметтерді сатып алуға кеткен шығыстар кіреді

30/04/2021

Халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табыстары

Халықтың атаулы ақшалай табысы – бұл халықтың ағымдағы тұтынуға, өндірістік қызметке және қорлануға бағытталған ақшалай қаражаттары. Оның шамасы есептеу әдісімен макродеңгейде анықталады және халықтың жалдамалы жұмыс пен өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен ақшалай табыстарын бағалауды (жалақының жасыру мен статистикалық есептілікпен қамтуға келмейтін жұмыс істейтін халықтың санына санап шығумен) және әлеуметтік трансферттердің төлемі қосылады.

28/06/2021