Бүгін Женева қаласында (Швейцария) Ақпараттық қоғам мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі Дүниежүзілік кездесу Форумы шеңберінде WSIS Prizes-2017 халықаралық конкурстың жеңімпаздары мен чемпиондарының марапаттау салтанаты өтті. Қазақстанның үш жобасы – Электрондық үкімет, Ашық үкімет және 1414 Бірыңғай байланыс орталығы осы байқаудың чемпиондары атанды.WSIS Prizes-2017 беделді конкурсына әлемнің әртүрлі елдерінен 345 жоба қатысып, дауыс беру мен әділқазылар алқасының сарапшылық бағасының қорытындысы бойынша 90 жоба өз санаттарынының үздік бестіктер қатарына ілікті.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Шаг» компьютерлік академиясымен бірге, «Ашық үкімет» порталының ашық деректері негізінде мобильдік қосымшаларды өңдеу байқауын өткізді.
Ақпараттық қоғам мәселелері бойынша жоғары деңгейлі Дүниежүзілік кездесу Форумы WSIS Prizes-2017 шеңберінде Қазақстан Республикасынан ұсынылған үш жоба – Электронды үкімет, Ашық үкімет және 1414 Бірыңғай байланыс орталығы байқау жеңімпаздарының қатарына ілікті.
«Microsoft Kazakhstan» компаниясы, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және MOST бизнес-инкубаторы 29-30 сәуір айында, ашық деректер мен Microsoft Azure бұлтының құралдарын қолдану бойынша хакатон өткізген.
29-30 сәуірде Алматыда «OpenDataKazakhstan» хакатоны өтеді. «Microsoft Kazakhstan» компаниясы, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және MOST Бизнес-инкубаторы компаниялары бірігіп шараны өткізеді.
«Ашық диалог» порталында 2017 жылдың 11-ші ақпанына дейін ҚР Энергетика министрлігінің қызметтерін тұтынушылар қызметтердің сапасына қатысты сауалнамаға қатыса алады.
Қазақстанда азаматтардың мемлекеттік органдардың жұмысы туралы ақпарат алуын арттыру үшін жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысында ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің ресми сайты.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен «Astana Business Campus» инновациялық кластері бірігіп data.egov.kz порталының ашық деректері негізінде «Open Аpps» қосымшасы мен сервистеріне байқау жариялайды. Байқау Астана қаласының студенттері арасында өтеді.